$ 444.14  477.05  4.85

Болат Әбілов саяси партия құратынын мәлімдеді

Болат Әбілов 13 ақпанда халықты митингке шақыру арқылы саяси өмірін қайта қалыпқа келтіріп жатқанын растады.
stan.kz
stan.kz

Қоғам қайраткері, кәсіпкер Болат Әбілов саяси партия құратынын мәлімдеді. Ол қаңтар оқиғасынан бері екі ай өтсе де, Қазақстанда айтарлықтай өзгеріс жоқ екенін айтты. Бұл туралы Әбілов Forbes Kazakhstan журналының шығарушысы, кәсіпкер Арманжан Байтасовқа берген сұхбатында баяндады, деп хабарлайды nege.kz.

Болат Әбілов 13 ақпанда халықты митингке шақыру арқылы саяси өмірін қайта қалыпқа келтіріп жатқанын растады. Сондай-ақ Әбілов саяси партия құру туралы шешімін

"Митингіге шығып, халықты шақыруым – азамат ретіндегі парызым. Үнсіз қалып, 40 күндігіне келмесем, өзімді кешірмес едім. Менің айтқым келгені, біз – қазақстандықтар, үнсіз жүре алмаймыз, бұл трагедия болмағандай кейіп таныта алмаймыз. Біз ол жайлы айтуымыз керек. Одан дұрыс нәтиже шығарып, қайталанбауын қадағалауымыз керек. Және менде саяси партия құру туралы жоспар бар. 

Мен бүгінде әлдебір оппозициялық алаңның барын, өз ұстанымдарын билікке қарсы - оппозициялық деп көрсетіп жүрген адамдарды көріп жүрмін. Оларды құрметтеймін, қолдаймын, бұл олардың таңдауы. Күресті жалғастырып жатқандарыңыз үшін алдарыңызда бас иемін. Өз басым қашанда эволициялық процесті құптаймын.

Біреуден бірдеңені тартып алмаймын, бөлмеймін, ешкімнің соңына түспеймін деп үнемі айтамын. Бірақ жемқорлық схемасымен ұрланған дүниенің барлығы Қазақстан халқына қайтарылуы тиіс. Ал әрі қарай – жаңа ережелер. Неге аздаған адамдар тобы кәсіпорындар мен банктердің үстеме табысын көруі, ал қалған 19 миллион қазақстандық оған шеттен қарап отыруы керек? Сондықтан жаңа адамдар, жаңа тәсілдер керек. Үкімет осының бәрін игере алады деп ойлайсыздар ма? Қаңтар оқиғаларынан бері екі ай өтті. Бірдеңе өзгерді ме? Республика тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық ахуалы жақсарды деп айта аласыз ба?" – деді Болат Әбілов. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары