Әйгілі украиналық журналист, саясаткер Дмитрий Гордон соғыс туралы КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, грузин халқының атақты актері және әншісі, Грузия парламентінің депутаты Вахтанг Кикабидземен сұхбаттасып, өткір мәселелерді қозғады.
– Ресейдегі көптеген адамдар өз еркінсіз ұзақ жылдар бойы сұрқия саясатты жүзеге асырып келеді. «Путин» сөзі боғауыз сөзге айналды. Жаңа шыққан боғауыз. Мен де солай есептеймін, – деді ол.
Кикабидзе украина халқына қолдау білдірді. Өзін Украинада тұрып жатқандай сезінетінін айтты. Соғысты тоқтатып, бейбітшілікке келуге шақырды. Әнші кем дегенде 60 жаста болғанда қару алып, Украина үшін соғысатынын жеткізді.
орда.кз