$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда Украинадағы соғысқа қарсы 5 мыңдай адам митингке шықты

Жиналғандар «соғысқа жол жоқ» деп ұрандауда.
Фото: qamshy.kz
Фото: qamshy.kz

Алматы қаласы Сары-арқа кинотеатры артындағы скверде Украинадағы Ресей басқыншылығына қарсы рұхсат етілген митинг өтті.

Фото: Vlast.kz сайты

Бейбіт жиын Қазақстан мен Украинаның мемлекеттік гимнін орындаудан басталды. Алаңға 3 мың мен 5 мыңға дейінгі адам жиналды. Скверде бос орын табу қиын.

Фото: Vlast.kz сайты

Адамдар Ресейдің Украинадағы басқыншылық соғысын айыптайтын сөздер жазылған түрлі плакат алып шыққан.

Фото: Vlast.kz сайты

Фото: Vlast.kz сайты
Фото: Vlast.kz сайты

"Слава Украине", "Путин х""ло", "Путин кет", "Тоқаев үнсіз қалма" секілді ұрандар айтылды.

Фото: Vlast.kz сайты

Фото: Vlast.kz сайты

Сондай-ақ жиналғандар Қазақстанды Еуразиялық экономикалық одақтан, Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымынан шығуға шақырды.

qamshy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары