08.03.2022, 12:26

Президент қола жүлдегер биатлоншы Александр Герлицті құттықтады

Фото: ашық дереккөз
Президент Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болған қазақстандық биатлоншы Александр Герлицті құттықтады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжіңде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында 10 шақырымдық жарыста қола жүлдеге ие болған қазақстандық биатлоншы Александр Герлицті құттықтады.

“Бұл – Қазақстанның алғашқы медалі. Александрды шын жүректен құттықтаймын және спортта бұдан әрі қарай да табысты болуына тілектеспін!”, – делінген құттықтау твитінде.