Саясат 08.03.2022 сағат 23:35

Байден Ресейден мұнай тасымалдауға шектеу қойды

Путин ешқашан Украинаны басып ала алмайды.
Байден Ресейден мұнай тасымалдауға шектеу қойды
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

АҚШ президенті Джо Байден Ресейден газ, көмір тасымалдауға шектеу қойылғанын да айтты.Байден Ресейден мұнай тасымалдауға шектеу қойылғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, Ұлыбритания да Ресейден мұнай импорттауға тыйым салмақ.

АҚШ президенті Джо Байден Ресейден газ, көмір тасымалдауға шектеу қойылғанын да айтты.

– Путин бастаған соғысқа субсидия бермейміз. Осыдан соң газ бағасы қымбаттар, бірақ бұл бостандықтың құны болмақ, –  деді Джо Байден.

АҚШ президенті Джо Байден мәлімдемесінде Ресей президенті Владимир Путиннің Украинаны басып алуға дәрмені жетпейтінін жеткізді. Оның айтуынша, бір қаланы басып алғанмен, бір елді түгел басып алу мүмкін емес.

– Путин ешқашан Украинаны басып ала алмайды. Ол бір қаланы алар, бірақ бүкіл елді ала алмайды, – деді ол.

orda.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар