АҚШ Ресейге доллар купюраларын жеткізуге тыйым салды. Тиісті жарлыққа АҚШ президенті Джо Байден қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақ үйдің сайтында жазылды.
Бұйрық бойынша «АҚШ-тан немесе америка азаматының Ресей Федерациясының үкіметіне немесе Ресейдегі кез келген тұлғаға АҚШ долларын тікелей немесе жанама түрде экспорттауға, қайта экспорттауға, сатуға немесе жеткізуге тыйым салынады.
Сонымен қатар Байден Ресейден алкоголь, гауһар тастар мен теңіз өнімдерін әкелуге, елге сәнді тауарларды экспорттауға шектеу қойды.
Бұған дейін АҚШ Мәскеуден мұнай, газ және көмір сатып алудан бас тартқан еді.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.