13.03.2022, 05:43

АҚШ Ресейге жаңа жеке санкциялар енгізді

Фото: gazeta.ru
Бұл жолы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың әйелі мен ересек балаларына да  шектеу қойылды.

Шектеулерге Дмитрий Песковтың әйелі мен балалары, Мемлекеттік Думаның 12 депутаты, ВТБ мемлекеттік банкінің оншақты менеджері кірді.

Мемлекеттік департамент Ресейдің Украинаға басып кіруіне байланысты санкцияға ұшырайтын ресейліктердің жаңа тізімін жариялады. Бұл жолы Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың әйелі мен ересек балаларына да  шектеу қойылды.

— Біз Донецк және Луганск халық республикаларын тану әрекетін басқарған Ресей Мемлекеттік Думасының 12 депутатына, сондай-ақ Дмитрий Песковтың әйелі мен кәмелетке толған балаларына санкция саламыз, – деді Мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Нед Прайс брифингте.

Дума депутаттары арасында: төраға Вячеслав Володин, РФ Коммунистік партиясының жетекшісі Геннадий Зюганов және оның он партияласы бар.

Сонымен қатар, ВТБ мемлекеттік банкі басқармасының 10 бұрынғы және қазіргі мүшесі АҚШ шектеулеріне ұшырады.

АҚШ-тың Қаржы министрлігі  «Ресейдің қаржылық қызметтері саласынынан барлығы  он адам: қазіргі немесе бұрынғы  жетекшілері, жоғары лауазымды шенеунік немесе  банктің басқарма мүшелері  болғаны үшін немесе банкте жұмыс істегендіктен санкцияға ұшырады» деп мәлімдеді.

Бүгіннің өзінде Еуропалық комиссия Ресейге қарсы санкциялардың төртінші пакетін ұсынбақ. Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен бір күн бұрын атап өткендей, шаралар кешені «Ресейдің оқшаулануын арттыруға және осы айуандық соғыс үшін төлейтін ресурстарды сарқуға» бағытталған.

orda.kz