$ 494.87  520.65  4.91

«Дикий Арман» мен оның тобының 14 мүшесі қамауда» - Бас прокуратура

Тергеу жалғасып жатыр.

Қаңтар оқиғасы бойынша 35 мыңға жуық жедел-тергеу әрекеті жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов Мәжілісте айтты. Оның сөзінше, барлық орган бойынша қамауға алынғандар саны 766.

Олар көбіне 30 жасқа дейінгілер, жұмыссыздар мен жоғары білімі жоқ адамдар. Оның ішінде, деструктив діни ағымның 19 өкілі бар. 27-сі тыйым салынған экстремистік ұйым өкілі, 24-і ұйымдасқан қылмыстық топ өкілі. 113 адам бұрын адам өлтіргені үшін, ұрлық жасағаны үшін сотталған.

Мысалы қамауда Жұмагелдиев, яғни "Дикий Арман" мен оның тобының 14 мүшесі бар.  
Ведомствоаралық жедел-тергеу тобы 4 бағытты пысықтап жатыр.

Алматы қаласында ҰҚКД-ның алты қызметкері "Дикий Арман"қылмыстық тобы ұрлап кеткен 24 азаматқа азаптаулар қолданды деген күдікке ілінді. Нәтижесінде барлық жәбірленуші  дене жарақатын алып, бір адам қайтыс болды. Алматы облысы ҰҚКД-ның тағы екі қызметкері бұрын уақытша ұстау изоляторында ұсталған адамды ұрып-соғып, одан қайтыс болды деген күдікке ілінді.

Тергеу жалғасып жатыр.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Дикий Арман