14.03.2022, 11:20

«Қаңтар оқиғасы кезінде жазықсыз 20 адам оққа ұшқан» – Бас прокурор

Олардың кейбірі атыс кезінде мерт болса, тағы бірі шерушілердің қолынан қаза тапқан.

Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысында ҚР Бас Прокуроры Берік  Асылов Қаңтар оқиғасының құрбандары жайлы ақпаратымен бөлісті.

Оның айтуынша, Қаңтар қырғыны кезінде барлығы 230 адам қаза тапқан, оның 19-ы әскерилер. Құрбандардың басым көпшілігі Алматыда – 139 адам мерт болған.

Бүгінде әкімшілік ғимараттарға шабуыл кезінде және тәртіп орнату барысында 86 шабуылшының көзі жойылғаны анықталды. Тағы 53 адамның өліміне қатысты тексеру жүріп жатыр. Олар қала аумағында түрлі жарақатпен табылған. Оның ішінде 48-не оқ тиген, 2-уі пышақ жарақатын алған, тағы 3-уі күйік пен жарақат алған,-деді Б. Асылов.

Сонымен қатар ол 7 өңірде әкімдік ғимаратына, Полиция және ҰҚК-нің ғимаратына шабуыл жасау барысында тәртіп сақшыларымен 63 адамның көзі жойылғанын жеткізді.

Бүгінде 20 жазықсыз адамның атыс оқыстан оққа ұшқанын анықтадық. Олардың 11-і Алматыда, 8-і Алматы облысында және біреуі Тараз қаласында мерт болған. Олардың кейбірі атыс кезінде мерт болса, тағы бірі шерушілердің қолынан қаза тапқан. Оған қоса блок-бекетте әскерилердің талабына бағынбағанбай мерт болғандар да бар,-деді Бас прокурор.

baq.kz