$ 444.22  476.38  4.82

Алматының ҰҚКД басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды

Тергеу жалғасып жатыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Мәжилов қамауға алынды. Бұл туралы Мәжіліс отырысында бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Берік Асылов қаңтардағы оқиғалар мен тергеулер барысында ұсталғандар мен қаза тапқандар туралы айтты. Сондай-ақ, ол депутаттарға күш құрылымдарының жекелеген басшыларының іс-әрекеттерін құқықтық бағалау туралы мәлімдеді.

Сондай-ақ, бас прокурор Қорғаныс министрлігінің бұрынғы басшылығына қатысты өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатқанын айтты.

"Бұрынғы қорғаныс министрі (Мұрат Бектанов - еск.), өздеріңіз білетіндей, қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр", - деп түйіндеді Берік Асылов.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары