$ 444.22  476.38  4.82

Қайрат Сатыбалды 2 айға қамауға алынды

Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді.

2022 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді.

Еске салайық, 13 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқанын хабарлаған болатын. Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары