Өз қызметтерін тоқтатқан майнингтік компаниялардың арасында Павлодар облысында танымал кәсіпкерлер Болат Назарбаев және Александр Клебановпен үлестес фермалар бар. Сондай-ақ, олардың арасында «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ-ның Ақтөбе облысындағы бұрынғы басқарма төрағасы Қайрат Шәріпбаев және Қарағанды облысындағы танымал бизнесмендердің бірі Ерлан Нығматулин болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy порталы.
Қарқынды дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі – криптовалютаны өндіру саласы, криптовалюта майнинг саласы. Бұл саладағы заңсыз қызметтері елдің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп төндіретін белгілі бір тәуекелдердің пайда болуына әкелді.
Осылайша, қарапайым тұтынушылар мен кәсіпкерлерге электр энергиясын жеткізуде іркілістер мен тапшылық арта бастады.
Осылайша, қарапайым тұтынушылар мен кәсіпкерлерге электр энергиясының жеткізуде ақаулар мен тапшылық қаупі арта бастады.
Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаржылық мониторинг агенттігі мемлекеттік органдармен бірлесіп майнинг фермаларының қызметіне кешенді тексерулер жүргізді.
Жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде 55 майнинг фермалары өз қызметін өз еркімен тоқтатты. Олар жұмысты толығымен тоқтатып, жабдықтарын бөлшектеді және оны орналасқан жерінен шығарды.
Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мұндай жабдықтарды екінші айналымға тартуға жол бермеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, 51 майнингтік фермаларының заңсыз қызметінің жолы кесілді. Олар қызметтерінің басталғанын туралы уәкілетті органға хабарламаған немесе техникалық шарттарсыз энергиямен жабдықтау көздеріне заңсыз қосылды, арнайы экономикалық аймақтардың аумағына негізсіз орналастырылды, сондай-ақ салықтар мен кедендік төлемдерді төлеуден жалтартты.
Бүгінгі күні, олардың барлығы электрмен жабдықтау көздерінен ажыратылған.
Мысалы, Қарағанды облысындағы «Сарыарқа» АЭА (арнайы экономикалық аймақта) аумағында майнингтік ферма заңсыз қызмет атқарды.
Бұл АЭА (арнайы экономикалық аймақ) қызметінің басымдылығы жабдықтар өндірісіне, металлургия өнеркәсібі, құрылыс салаларына берілген.
Сондай-ақ, өндірістік қажеттіліктерге арналған электр энергиясын жұмсау, кейде қайта сату фактілері анықталды.
Павлодар облысында жылыжай шаруашылығымен айналысатын екі компания үшінші тұлғаларға өзінің артық электр энергиясының майнинг үшін лицензиясыз сатты.
Заңсыз қызметті жүзеге асыратын майнингтік компаниялардың арасында Қазақстанның ең бай бизнесмендерінің бірімен Қайрат Итемгеновпен үлестес фирмалар бар.
Бұдан басқа, заңсыз майнинг қызметін ішкі істер министрлігі департаментінің бұрынғы басшысы Тілеген Маткеновпен байланысты компаниялар жүзеге асырды.
Майнинг жабдықтарын елге кіруі бойынша, Қытай, Оңтүстік Корея, Сингапур, Түркия және Грузия елдерінен әкелінген болатын. Оларды әкелу контрабандалық тәсілмен жүзеге асырылды.
Осындай фактілердің бірі Алматы қаласында анықталды, оған Қытайдан 2,8 млрд теңгеге бір мыңнан астам майнингтік жабдық әкелінді.
Қаржы мониторингі агенттігі барлығы 25 қылмыстық істі тіркеді, құны 100 млрд теңгеге жуық 67 мыңнан астам жабдық тәркіленді.
Тұтастай алғанда, қабылданып жатқан шаралар электр энергиясын тұтынудың өсуін тежеуге ғана емес, сондай-ақ энергия қуаттылығының босатылуына да ықпал етеді.
Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде елдегі электр энергиясын тәуліктік тұтыну 600 Мегаватт/сағатқа төмендеді.
Айта кету керек, майнинг және сандық активтердің айналымын жеткілікті реттеудің болмауы қаржы жүйесіне және азаматтардың әл-ауқатына айтарлықтай қауіп төндіреді.
Крипто-ақша терроризмді қаржыландыру, қару-жарақ пен есірткі сатып алу құралы бола алады.
Осы мән-жайларды ескере отырып, құрылған ведомствоаралық жұмыс тобы (қаржылық мониторинг агенттігінің, цифрлық даму, энергетика және қаржы министрліктерінің өкілдері) шеңберінде проблемалық мәселелерді заңнамалық реттеуге бағытталған жүйелі шешімдер әзірленуде.
Қаржылық мониторинг агенттігі Сіздерді сақ болуға шақырады, Егерде сіз заңсыз майнингтік қызметтің куәгері болсаңыз, бұл туралы жұмыс тобын сенім телефоны арқылы хабардар етуіңізді сұраймыз: 8 (7172) 708-478.