$ 441.66  475.14  4.86

«Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығы тиісті деңгейде атап өтілуі қажет» -Тоқаев

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевты қабылдады
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевты қабылдады, деп хабарлайды Skifnews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Президентке мәдениет, спорт, туризм архив және баспа ісі салаларының қазіргі жағдайы жөнінде мәлімет берілді. 

Мемлекет басшысына министрлікке қарасты ұйымдарға жұмыс сапары туралы баяндалды. Сапар қорытындысы бойынша күн тәртібінде тұрған мәселелерді шешу шаралары әзірленген. 

Дәурен Абаев Қасым-Жомарт Тоқаевтың спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерді жан басына қарай қаржыландыру, бұқаралық спортты қарқынды дамыту жөнінде берген тапсырмаларын орындау ведомство жұмысындағы негізгі бағыттың бірі екенін атап өтті.

Президенттің айтуынша, биыл министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 30 жылдығын тиісті деңгейде атап өтуі қажет.

Мемлекет басшысы ұлттық спорт резервінің ірі халықаралық жарыстарға, соның ішінде 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына дайындығын күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев жастар үшін ұлттық мәдениеттің бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын арттыру қажет екенін айтты.

Президент карантиндік шектеулердің елімізде және шет мемлекеттерде жеңілдетілуіне байланысты туризм саласын дамытудың тың жолдарын әзірлеу маңызды деп есептейді. 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары