Атырауда атыстан үш адам мерт болып, біреуі ауруханаға түсті. Желіде тараған ақпараттарда қаладағы аялдамалардың бірінде атыс болған.
Кейінірек облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған ақпаратты растады.
«15 наурызда жергілікті уақытпен сағат 22:10 шамасында Атырау қаласындағы «Авангард-3» шағын ауданындағы аялдамада атыс болған. Атыстың салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Ал, 26 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Атыстың себебін анықталып жатыр.