$ 446.49  475.38  4.79

«Суперпрезиденттік басқару формасынан парламенті күшті президенттік республикаға көшеміз» – Тоқаев

Бұл практикадан уақыт өте келе бас тарту керек.

Қазақстанда бұған дейін Президенттің супер моделі қалыптасқан. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Елдің алғашқы даму кезеңінде бұл модель өзін өзі ақтады. Бірақ біз бір орында тұрмаймыз. Қоғам өзгереді, мемлекет те өзгереді. Бүгін барлығы Президенттің қолында. Бұл практикадан уақыт өте келе бас тарту керек. Мен «AMANAT» партиясының жиынында биыл партияға төрғалықтан кету туралы айттым.

Президенттің өкілеттілігін қысқартып, Парламенттің құзыретін арттыру керек. Саясаттағы монополия мемлекеттің деградацияға ұшырауына алып келеді», - дейді Президент.

Оның сөзінше, Президенттік қызмет кезінде партияға төрағалықты тоқтату керек. Бұл барлық партияларда бірдей деңгей қалыптастырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары