16.03.2022, 11:59

Президенттің жақын туыстарына билікке келуге шектеу қойылады

Бұл норманы Конституцияда бекіту артық болмас деп ойлаймын.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты.

Президенттің жақын туыстары үшін мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік сектордағы жетекші лауазымдарды атқаруға заңнамалық тыйым салынады.

Мемлекет басшысы барлық азаматтардың теңдігі мен мүмкіндіктерінің мызғымас кепілі ретінде әрекет етуі керек. Сондықтан президенттің жақын туыстары үшін мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік секторда жетекші лауазымдарды атқаруға заңнамалық тыйым салынады. Бұл норманы Конституцияда бекіту артық болмас деп ойлаймын, - деп айтты Тоқаев өз Жолдауында.  

Тегтер: Тоқаев жолдау