$ 441.44  473.09  4.75

Тоқаев Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынды

Кезінде Алаш арыстарының басын қосқан Семей қаласының жағдайы да мәз емес.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынды.

Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйіткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған. Кезінде Алаш арыстарының басын қосқан Семей қаласының жағдайы да мәз емес, - деп айтты Тоқаев.

Президент тарихи әділдікті орнатып, ұлыларымыз дүниеге келген киелі өлкені қайта жаңғыртуымыз керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары