Саясат 16.03.2022 сағат 12:15

Мемлекет басшысы: Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет

Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады.
Мемлекет басшысы: Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болатынын айтты.

Сонымен қатар бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет.

Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру - экономикалық ғана емес, рухани жағынан да маңызды шешім. Кең байтақ қазақ жерінің дәл жүрегінде орналасқан Ұлытаудың төл тарихымыздағы орны ерекше, - деп атап өтті Тоқаев.

Оның сөзінше, ел тағдыры шешілген ұлы жиындар осында өткен.

Сарыарқаның төрінде орналасқан бұл аймақтың туристік әлеуеті зор. Оның өндірістік қуатын, логистикалық мүмкіндігін ұтымды пайдалану қажет. Біз сөзбен айтқанда, біз Ұлытау аймағының дамуына жол ашамыз, - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар