15 наурыз Талдықорғанда мұғалімді балағаттаған оқушының ісі бойынша сот отырысы өтті.
PATRIOT Тelegram-арнасының хабарлауынша, сот баланың анасына айыппұл салған.
Еске салсақ, 11 наурыз 2005 жылғы мектеп оқушысы биология пәнінің мұғаліміне дауыс көтеріп, оны балағаттаған. Артынша мұғалім баланың үстінен арыз жазған.
Полицейлер жауап берген оқушының анасын шақыртқан. Ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша 42 мың теңге айыппұл салынған.
Оқушының анасы мұғалімнен кешірім сұрады.
«Ана ретінде сізді түсінемін, кешіремін, бірақ ұстаз ретінде мен қатты қорландым. Ұстаз мәртебесі аяққа тапталды» деді мұғалім сотта.
Айта кетсек, 14 наурыз оқушыға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Баланың тұрақты табысы болмағандықтан, ол айыппұл да оның анасына жүктелген.