Әзірге видеодағы әйелдің кім екені белгісіз. Көпшіліктің пікірінше, мұндай қимылды би қазақ келіндеріне тән емес деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
Интернетте той кезіндегі келіншектің биі көпшіліктің талқысына түсіп, көптің наразылығын тудырды.
Бейнежазбадан асаба ұйымдастырған би жарысы кезінде келіншек мың бұрала билеп, бөксесін қимылдатып, оны тамашалап отырған той қонақтары осы көрініске «мәз» болып, қол шапалақтаған сәтін көруге болады. Әзірге видеодағы әйелдің кім екені белгісіз. Көпшіліктің пікірінше, мұндай қимылды би қазақ келіндеріне тән емес.
Желі қолданушылары «Осындай тойларды көрсем, құсқым келеді», «Орамалды қор қылмай, шешіп тастаңыз», «Ұят деген қалмаған», «Ішіне жын кіріп кеткен», «Тамаданы жазалау керек», «Өте ерсі» деп жарыса пікір білдірді.