$ 494.87  520.65  4.91

«Қорлық көрсету, ұрып-соғып тергеу жүргізу бұлар үшін қалыпты жағдай»: Бұрынғы вице-министр түрмеде қандай қорлық көргенін айтты

Мұндайды ешқашан ұмыту мүмкін емес.

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев елдегі заңсыздықтар мен тергеу изоляторындағы азаптаулар туралы ашық айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі таңда үйқамақта отырған бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің бұрынғы орынбасары Олжас Әбішевтің сот отырысында сөйлеген сөзін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

Олжас Әбішев Біртановты жақтаушы тарапты, адвокатты және Біртановтың сөздерін толық қолдайтынын жеткізді.

“189 бапқа байланысты “Өзгенің мүлкін заңсыз иелену” дерегі анықталса, ол 2 жылда анықталатын еді. Осы бапқа қатысты кінәні анықтай алмаса, демек қылмыс жасалған жоқ. Сотқа дейінгі тергеу амалдарынан бөлек, 2019 жылғы 130 том материалда көрсетілген деректерді айтпағанда, сол уақытта қаржылық мониторингі агенттігі деп аталған мекеме өкілдері менің барлық телефон қоңырауларым мен хаттарымды тыңдап, оқып отырды. Олар сол уақыттан бастап ілік іздеп, заңсыз әрекетті анықтай алмады. Мен өзіме тапсырылған қызметті асыра пайдаланған жоқпын. Менің барлық әрекетім мемлекет емес, халық үшін жасалды”, – деді ол.

Сондай-ақ ол Қазақстанның дәрісі Өзбекстанға сатылып, өз халқымыздың несиеге дәрі алуға мәжбүр болғанын айтты.

“Бұл халыққа жасалған қастандық. Қылмыс. Егер биліктегілер лауазымды тұлғалардың орнын ауыстырғысы келсе, қарсылығым жоқ. Бірақ, менің арым таза. Бірде-бір адамнан көк тиын да алған жоқпын. Мен Конституция ережелеріне сай жұмыс істедім”, – деді Олжас Әбішев.  

Ол тергеуде көрген азаптаулары туралы айта келіп, құқық қорғау органдарының әрқайсысы қойдың терісін жамылған қасқыр секілді деп бағалады.

“100 күн қамауда отыру, моральдық және физикалық тұрғыдағы зорлық оңайға тиген жоқ. Бұл жайлы Бас прокуратураға да айтылды. Ешкім саусағын да қимылдатқан жоқ. Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері күнде келіп, қанша сағат бойы тергеу жүргізіп, қорлық көрсетті. Бұл істі адвокатсыз жүргізді. Тіпті куәгерлер шақыртылған жоқ. Тергеу, тексеру, қылмысқа қатысты Бас прокуратура реакция да білдірген жоқ. Заңға бағынышты адамдарға заңсыз қорлық көрсету, ұрып-соғу, тергеу жүргізу – елімізде қалыпты жағдай секілді. Мен Оңтүстік Кореяда 6 жыл тұрдым. Кейін еліме оралдым. Кореядағы секілді халыққа қолайлы әрі ыңғайлы жағдай жасағым келді. Бірақ дәл осындай жағдайға душар болғаныма таңқалып отырмын. Бұл туралы мен өз ұрпағыма, балаларыма, немерелеріме әрдайым айтып отырамын. Мұндайды ешқашан ұмыту мүмкін емес. Бұл елдегі жемқорлық пен заңсыздықты жеңу мүмкін емес. Мен атап өткен органдардың әрқайсысы қойдың терісін жамылған қасқыр секілді”, – деді экс-вице-министр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары