Данияр Ақышев Қазақстан Тұңғыш Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының шешімі бойынша, Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің көмекшісі қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.
Данияр Ақышев Президенттің кеңесшісі болып 2019 жылы ақпанда тағайындалған болатын.