$ 449.58  486.94  4.86

Астана маңында бір үйір жылқыны пойыз қағып кетті

Қараңғыда жүк пойызының машинисті теміржолдағы жануарларды бірден байқамай 20 жылқыны соғып кеткен.

Нұр-Сұлтан маңында қараңғыда байқамаған поезд машинисті жиырма шақты жылқыны қағып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Оқиға 18 наурыз күні сағат 03:00 шамасында Нұр-Сұлтаннан 60 шақырым жердегі Еркеншілік-Сарыоба учаскесінде болған. Қараңғыда жүк пойызының машинисті теміржолдағы жануарларды бірден байқамай 20 жылқыны соғып кеткен.

Тексеру барысында полицейлер түнде жылқыларды қараусыз қалдырғаны үшін 44 жастағы бақташыны жауапқа тартты. 

Оның үстінен теміржол учаскесінде мал жаю фактісі бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Сондай-ақ кінәлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары