18.03.2022, 21:21

Елжан Біртановтың ісі заңбұзушылықтар түзетілгенше прокуратурада қалатын болды

28 қаңтарда Сарыарқа аудандық соты Біртанов пен Әбішевке қатысты қылмыстық істі қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзушылықтарды жою үшін бас прокуратураға қайтарған болатын.

Елордалық соттың апелляциялық алқасы мемлекеттік айыптаудың бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен бұрынғы вице-министр Олжас Әбішевке қатысты істі сотқа қайтару туралы өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Сарыарқа аудандық соты Біртанов пен Әбішевке қатысты қылмыстық істі қылмыстық іс жүргізу заңнамасын бұзушылықтарды жою үшін бас прокуратураға қайтарған болатын 

"28 қаңтардағы қаулы өзгеріссіз қалдырылсын. Сондай-ақ күдіктілерге қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту туралы қорғаушының өтініші қанағаттандырусыз қалдырылсын", - деді судья.

Апелляциялық алқа отырысында прокурордың көмекшісі Жангелді Есебаев қылмыстық істі прокурорға қайтарудың бірден-бір себебі оның апелляциялық шағым беру мерзімінің аяқталуын күтпестен сотқа жолдауы екенін түсіндірді. Алайда оның айтуынша, Біртановты қорғаушылардың шағымдары жұмыстан тыс уақытта процессуалдық прокурор Төлеген Жараспаевқа есептен шығарылған.

Экс-министрдің адвокаттарының дәлелдемелік құжаттарды ағылшын тілінен орыс тіліне аудару туралы өтініштеріне түсініктеме берген Жангелді Есебаев қорғау тарапы деректерді өз бетінше жинауға және заң көмегін көрсету үшін мамандарды тарту шараларын қабылдауға құқылы екенін айтты.

“Алқалардан Сарыарқа аудандық сотының 28 қаңтардағы прокурорға қатысты қаулысының күшін жойып, қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберуді сұраймын", - деді прокурордың көмекшісі.

Адвокат Нұрлан Бейсекеев өзіне және оның клиентіне арнайы аудармашы беруден бас тартылғанын еске салды.

"Егер біз қазір бұл фактіні елемейтін болсақ, онда бұл құжаттың мәнін түсіну үшін барлығымыз сотта ағылшын тіліне көшуге мәжбүр боламыз. Құжат платформаның жұмыс істеу қабілетін және тағылған айыптың жалған екенін растайды", - деді Елжан Біртанов.

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі жұмыс уақытында кабинетінде оған қарсы айыптау актісін жарияламақ болған кезде прокурор Төлеген Жараспаевты өзі хабардар етіп, арыз жазғанын қосты.

Біртанов қазір "Emdeu Group" ЖШС директоры болып жұмыс істейді, оған сағат 8.00-ден 19.00-ге дейін кеңсеге келуге рұқсат етілген.

Қорғаушы тарап Біртанов пен Әбішевке қатысты үйқамаққа алуды жоюды сұрап тағы да өтініш білдірді.