21.03.2022, 10:30

Президент Алматыда өтетін Наурыз тойына қатысып, тікелей эфирде қазақстандықтарды құттықтайды

Фото: akorda.kz
Сонымен қатар, Президент қаладағы ғылым, білім, спорт және сауда нысандарына барады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Алматы қаласының «Астана» алаңында өтетін мерекелік іс-шараға қатысып, барша Қазақстан халқын Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтайды.

Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Наурыз мейрамына арналған іс-шара республикалық телеарналардан сағат 10:45-те тікелей эфирде көрсетіледі. Сонымен қатар Президент қаладағы ғылым, білім, спорт және сауда нысандарына барады.