$ 448.15  483.46  4.86

Апат болған Жылу электр орталығында ТЖ министрі Ильиннің ұлы басшылық ететіні белгілі болды

Ол мұржасы опырылып түсіп, тұрғындарды суықта жылусыз қалдырған мекемеге иелік ететін корпорацияның қаржы жағында басшылығында отыр.

СҚО орталығы Петропавл қаласындағы жылу-электр орталығында болған апат салдарымен айналысып жатқан ҚР төтенше жағдай министрі Юрий Ильиннің ұлы осы мұржасы опырылып түсіп, тұрғындарды суықта жылусыз қалдырған мекемеге иелік ететін корпорацияның қаржы жағында басшылығында отыр деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Анығырық тоқталсақ, «Орталық Азия электр энергиясы корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының коммерция жөніндегі орынбасары болып Игорь Юрьевич Ильин тағайындалған. Ал бұл корпорация құрамына Петропавл ЖЭО-ға иелік ететін «Севказэнерго» АҚ кіреді. Сонымен қатар, корпорацияның Қазақстанның өңірлерінде басқа да ірі электр қуаты кәсіпорындары бар: олар «Павлодарэнерго» компаниясынан тыс, елордада – «Астанаэнергосбыт» ЖШС, Ақмола облысында – «Ақмола ЭҮК» АҚ.

Бүгінгі таңда, Қызылжарда, апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған. Облыс әкімінің айтуынша, жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, Төтенше жағдай министрлігінің және өзге де құзырлы мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген. Алайда компания басшысы – ЖЭО меншік иесі оқиға орнына әлі келмеген.

Еске сала кетсек, Петропавлда ЖЭО-2-дегі үш құбырдың бірі жартылай опырылып түсті. 1961 жылы пайдалануға берілген құрылымның биіктігі 150 метр, салмағы бірнеше мың тонна.

«Оқыс оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізілуде. Түтін мұржасының құлау себебі анықталуда», – дейді құзырлы орындардан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#апат #СҚО #3-ЖЭО