$ 441.8  480.02  4.88

Министр Қайрат Сатыбалдыға қатысты мәлімдеме жасады

Мәжіліс кулуарында журналистер әділет министрінен тұңғыш президенттің отбасынан кімдерді қылмыстық жауапқа тартуға болатынын сұрады.
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов
Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Әділет министрлігінің басшысы Назарбаевтар отбасын қорғайтын заңның күші кімдерге таралатынын айтты.
Әділет министрі Қанат Мусин Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының тұтқындалуы қаншалықты заңды екенін түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс кулуарында журналистер әділет министрінен тұңғыш президенттің отбасынан кімдерді қылмыстық жауапқа тартуға болатынын сұрады.
Қанат Мусин заңның күші (тұңғыш президент жайлы – Sputnik) Назарбаевтың немере інілеріне емес, отбасы мүшелеріне ғана таралатынын еске салды.
Дариға Назарбаева немесе Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі қамауға алынуы мүмкін бе деген сұраққа министр "жоқ" деп жауап берді.
"Жоқ, бұл тұлғаларды ұстауға және қамауға алуға болмайды. Заң бұған тыйым салады. Бірақ оларға сұрақ қойып, жауап алуға тыйым жоқ", - деді Мусин.

Егер тергеу органдары Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне немесе қызы Дариға Назарбаеваға сұрақ қоятын болса, олар оны қамауға алмайды және ұстамайды.

Сондай-ақ, әділет министрлігінің басшысы қазір күн тәртібінде тұңғыш президент туралы заңды қайта қарау мәселесі тұрған жоқ екенін атап өтті. Айта кетері, бұл заң Елбасы мен оның отбасының жақын мүшелерін қорғайды.
Еске салсақ, 13 наурызда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғаны туралы ақпарат таратты. Ол "Қазақтелеком" компаниясының қаражатын аса ірі көлемде жымқырғаны үшін айыпталып отыр. Сондай-ақ мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.
Қайрат Сатыбалды Алматы әуежайында ұсталды. Ол Дубайға ұшып кетпек болған.
Үш күннен кейін рейдерлік жолмен бизнесті тартып алу фактісі бойынша оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары