$ 494.87  520.65  4.91

«Елдегі қоғамдық шаруаларға белсенді араласып жүрген заңгер ретінде депутаттыққа түсуге толық құқығым бар» - Абзал Құспан

Бірақ, менің қалауымдағы Парламент, ол - кәсіби Парламент, яғни құрамының белгілі-бір бөлігі заңгерлерден тұрса деймін.

Осы депутат болып кете ме деп, қам жеп, “алаңдаушылық” танытып жатқан кейбір мысықтілеу ағайынға айтарым.

Жоқ! Менің ондай жоспарым жоқ.

Негізі, ҚР азаматы, елдегі қоғамдық шаруаларға белсенді араласып жүрген адам, заңгер ретінде депутаттыққа түсуге толық құқығым бар, әрине. Бірақ, менің қалауымдағы Парламент, ол - кәсіби Парламент, яғни құрамының белгілі-бір бөлігі (көп елдерде 70% және одан жоғары) заңгерлерден тұрса деймін. Себебі Парламенттің функциясы, ол - заң шығару! Ал онымен бірінші кезекте тәжірибелі заңгерлер айналысқаны жөн.

Сонымен қатар, Парламентте атқарушы билік - Үкімет қызметін бақылау құзіреті болса ғой. Қоғамдық қызметке араласқалы бұл туралы айтудан кенде емеспіз.

Мен адвокат ретінде де көштен қалмадым, қатарымнан кем болмадым. Бірақ, адвокаттық қызметтің бір ерекшелігі ол, бір адамға не компанияға көмегің тиер, ал жалпы қоғам мәселесін құқықтық негізде қорғауға мүмкіндігің жоқ.

Сондықтан, соңғы оншақты жыл көлемінде ойда жүрген қазақтілді құқық қорғау ұйымын құру мәселесі мен үшін маңызды боп тұр бұ күндері. Ол ойыма, кешегі қаңтар оқиғасына орай құрған комиссиядағы қызметіміз нәтижесінде, одан сайын беки түстім.

Жалпы бұл туралы алдағы уақытта толығырақ жазатын боламын.

Белгілі заңгер Абзал Құспанның facebook парақшасынан

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары