$ 494.87  520.65  4.91

Президент Берік Уәлиді баспасөз хатшысы қызметінен босатты

Ол «Хабар агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Берік Уәлиді президенттің баспасөз хатшысы қызметінен босату туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында жазылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Уәли Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды, – делінген Өкім мәтінінде.

Ол «Хабар агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы қызметін 2019 жылғы 22 наурыздан бастап атқарып келген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары