$ 494.87  520.65  4.91

Құлыбаевқа қарсы тергеу жүргізіле ме?

Кәсіпкер билікпен жұмыс істейді.

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы, миллиардер Тимур Құлыбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғалмайды.

Бұл туралы «РПУ «Данк» Telegram-арнасы хабарлайды.

«Қолда бар ақпарат бойынша миллиардер Тимур Құлыбаевқа қатысты тергеу жүргізілмейді. Кәсіпкер билікпен жұмыс істейді» делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімі болған Виктор Храпунов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев арасында Алматы қаласындағы фельдшерлік-акушерлік пункт учаскесін сатып алу – сату шарты жарамсыз деп танылды.

Жер учаскесін сатып алу – сату шарты 2003 жылы жасалған.

Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Тимур Құлыбаевқа қарасты «KIT Group» ЖШС пен Алматы қаласының әкімі Виктор Храпунов арасында жасалған жер телімін сату-сатып алу туралы шартты жарамсыз деп таныды.

Алқаның шешімі  9 наурызда қабылданды.

«Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен экономикалық соттың 2021 жылғы 29 қарашадағы шешімі осы іс бойынша Алматы қаласы қала құрылысын бақылау басқармасы КММ-нің Алматы қаласының аппаратына «КИТ групп», ЖШС Enterprise Development Group ЖШС Алматы әкімі Виктор Храпунов және «КИТ Групп» ЖШС арасында жасалған жер учаскесін сатып алу-сату шартының жарамсыздығын тану туралы талабын қанағаттандырудан бас тарту бөлігіне өзгертілді және күшін жойды» деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

orda.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары