$ 446.49  475.38  4.79

«Қастандық деп білемін»: Шымкент қалалық ПД баспасөз хатшысы ешкімді балағаттамағанын айтып ақталды

Бірер күн бұрын желіде Мөлдір Бекееваның дауысы делінген аудиожазба тараған еді.

Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Бекеева желіде тарап кеткен аудиожазбаға қатысты түсінік берді.

"Менің аты-жөнімді көрсете отырып таралған материалдың шындыққа жанаспайтынын хабарлаймын. Бұл "дауыс-ырғақ" қондырғысымен монтаждалып арнайы жасалған. Сонымен қатар, аудиожазба аталған парақша "YouTube" желісіне тіркеле сала жүктелген. Яғни, тіркеле салысымен менің аты-жөніме бағытталған бір ғана жазбаны жариялап, ешқандай дәлел-айғақтарсыз суреттерімді де қолданған. Сондықтан, бұл маған және қызметіме жасалып жатқан қастандық деп білемін. Қазіргі уақытта бұл жайтқа қатысты тексеру тағайындалды, нәтижесі қосымша хабарланатын болады",- деді ол.

Оқи отырыңыз: «Менің қолымда болса атып тастайтын едім»: Баспасөз хатшысы өз қызметкерін сұмдық боқтаған

Еске сала кетейік, бірер күн бұрын желіде Мөлдір Бекееваның дауысы делінген аудиожазба тарап кетті. Онда ведомство өкілінің дауысына ұқсас адамның қызметкерлеріне былапыт сөздерді қарша жаудырғанын, тіпті өткен күнмен жұмыстан кету туралы арыз жазуын талап еткенін естуге болады.

oinet.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары