$ 494.87  520.65  4.91

«СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директоры ұсталды

Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігі, прокуратура және СҚО ПД басшылығының бақылауында.

1 сәуірде "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ бас директоры ұсталды. Ақпаратты Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 сәуірде ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ бас директоры ұсталып, Петропавл қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс Ішкі істер министрлігі, прокуратура және СҚО ПД басшылығының бақылауында", - деді Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, 20 наурызда Петропавлдағы ЖЭО-2-де үш құбырдың бірі құлаған болатын. 22 наурызда "ЖЭО-2" ЖШС директоры мен кәсіпорынның бас инженері ұсталып, Петропавл қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. ЖЭО-2-дегі апаттан кейін құқық қорғау органдары ҚР ҚК-ның 254-бабы "Мiндеттерiне адал қарамау" бойынша қылмыстық істі тергеуге кіріскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Петропавл