$ 494.87  520.65  4.91

Талғар ауданы әкімінің орынбасарына қатысты қызметтік тергеу басталды

Тергеу кезінде ол қызметінен шеттетілді.

Талғар ауданы әкімінің орынбасары Барлық Төрехановқа қатысты қызметтік тергеу басталды. Ол қызметінен босатылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  Тергеу кезінде ол қызметінен шеттетілді.

Оған қаңтар оқиғасы кезінде аудан бойынша жауапты кезекші міндетін атқармауы  себеп болған. Талғар әкімдігінің баспасөз қызметі Төрехановтың құзыретіне Алматы маңында орналасқан Тұздыбастау, Бесқайнар және Бесағаш ауылдық округтерін бақылау кіретінін хабарлады. 

Айта кетейік, 5 сәуірде Талғар қаласының әкімі Қайрат Исабаевтың өз еркімен қызметінен кеткені белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары