$ 447.4  477.55  4.76

Ержан Ашықбаев АҚШ Президентімен кездесті

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында қазақстандық елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілтипатын жеткізіп,  Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге бейілділігін атап өтті.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

4 сәуірде Ақ үйде өткен протоколдық іс-шара барысында Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев АҚШ президенті Джозеф Байденмен қысқаша сұхбат өткізді, хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында қазақстандық елші ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ілтипатын жеткізіп,  Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық әріптестікті ілгерілетуге бейілділігін атап өтті.

«Өз кезегінде, америкалық басшы екіжақты және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша екі ел арасындағы сындарлы серіктестіктің жалғасуын оң қабылдайтынын хабарлады», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары