$ 494.87  520.65  4.91

Президент Тоқаев Рим Папасымен келіссөз жүргізеді

Кездесу онлайн форматта өтеді.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен келіссөз жүргізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

"Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Рим Папасы Францискпен екіжақты келіссөздер жүргізеді. Кездесу онлайн форматта өтеді", - делінген Президент баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында.

2021 жылдың қарашасында Ватиканға сапары барысында Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Рим Папасы Францискпен кездескен болатын. Ол Мемлекет басшысының атынан Понтификке 2022 жылдың қыркүйегінде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне қатысуға шақыртуды табыстады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары