Президенттің бұрынғы кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы "Самұрық-Қазына" қорының сайтына сілтеме жасап.
"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімі бойынша, Президент Әкімшілігі және үкіметпен келісе отырып, Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бүгін, 14 сәуірде Мағзұм Мырзағалиев Президент кеңесшісі қызметінен босатылғаны белгілі болды.