$ 494.87  520.65  4.91

Шетелге заңсыз ақша шығаруға қатысты 20 қылмыстық іс тергеліп жатыр

Толық ақпаратты Бас прокуратураның өзі береді.
Бас прокуратура капиталды заңсыз шетелге шығару бойынша жиырмадан астам қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
 
Үкімет кулуарында журналистер министрден Қазақстаннан заңсыз шығарылған ақшаны қайтару жұмысы қалай жүріп жатқанын сұрады.
 
"Бас прокуратура 20-дан астам қылмыстық істі тергеп жатыр. Олар бойынша шығын сомасы бір миллиард доллар шамасында бағаланып отыр. Толық ақпаратты Бас прокуратураның өзі береді", – деп қысқа қайырды Жамаубаев.
 
Оның айтуынша, қаржы министрлігі Ұлттық банкпен бірлесіп барлық статистика мен ақпаратқа талдау жасап жатыр.
 
"Біз қаржы мониторингі агенттігіне 8 жағдайды тапсырдық. Олар сотқа дейінгі тергеу жүргізуге тиіс болатын, содан кейін егер қажет болса, қылмыстық іс қозғалады. Қателеспесем, сегіз жағдай бойынша сома бір миллиард АҚШ долларын құрайды", –деді министр.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары