$ 494.87  520.65  4.91

Серік Сәпиев Антикорға шақыртылды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында айтылған.

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы қоғамдық бірлестігіне қосылды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Антикордың хабаралуынша, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өткен. Отырыста Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Қоғамдық кеңес Олимпиада чемпионымен толықты.

«Кеңестің жаңа мүшесіне мемлекет қайраткері, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сапиев және «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов кірді», – делінген Антикор хабарламасында.

Олимпиада чемпионы жұмыс тәжірибесі мен ұстанымының қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелуге мүмкіндік беретіндігін жеткізді.

«Мен қоғамдық кеңеске пайда әкелетініме сенімдімін. Өйткені менің азаматтық ұстанымым бар. Мен елдің қарапайым азаматы ретінде адал мемлекетте, сыбайлас жемқорлықсыз, әділ мемлекетте өмір сүргім келеді. Менің жұмыс тәжірибем, ұстанымым мемлекетімізді дамытуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне, атап айтқанда, қоғамдық кеңеске ел игілігі үшін пайда әкелуге мүмкіндік береді деп ойлаймын», – деді Сәпиев.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары