$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев партиядан кету себебін түсіндірді

Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев AMANAT партиясының кезектен тыс ХХІІI съезі кезінде партиядан не себепті кеткенін айтты.

"Мемлекет басшысы ешбір партияға басымдық бермегені жөн. Яғни саяси тұрғыдан бейтарап болуы қажет. Бұл менің айқын ұстанымым. Мұндай қағида сайлауға қатысатын барлық күшке тең мүмкіндік туғызады. Саяси жүйеде әділеттің орнауына жол ашады", - деді Президент.

Сөзінше, партия атқарушы билікке тәуелді болмаса, оған халықтың сенімі нығайып, беделі артады.

"Қазір ұйым Мәжілісте және мәслихаттарда едәуір басымдықтарға ие болып отыр. Сондықтан Үкімет пен әкімдіктердің жұмысына қатаң бақылау жасай алады. Президент партия қатарынан шыққанымен ұйымның стратегиялық бағдары өзгермейді деп ойлаймын. AMANAT еліміздің саяси өмірінде ерекше орны бар ұйым ретінде қала беретіні анық", - деп айтты Тоқаев съезде.

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы партияның кезектен тыс ХХІІI съезінде одан шығатыны туралы мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары