$ 448.15  483.46  4.86

«Президентіміздің бізге берген аманатын бәріміз бірігіп абыроймен атқарайық» – Ерлан Қошанов

Мен бұл шешімді үлкен сын, үлкен жауапкершілік және аманат деп түсінемін.

«Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы осынау тарихи кезеңде партияның жетекшілігін маған сеніп тапсырғаныңыз үшін, жүктегеніңіз үшін өзіңізге және осы шешімді қолдаған партиялас әріптестеріме зор алғысымды білдіремін. Мен бұл шешімді үлкен сын, үлкен жауапкершілік және аманат деп түсінемін», - деді ол AMANAT партиясының XXIII съезінде.

Сондай-ақ, ол партияластарын ел мен Президент аманатын бірге атқаруға шақырды. «AMANAT партиясы – бұл Президентіміздің қоғамдық тірегі. AMANAT партиясы – бұл реформалар партиясы және Жаңа Қазақстанның жасампаздығы. Құрметті партияластар, бізді үлкен сынақтар, үлкен науқандар күтіп тұр. Еліміз бен Президентіміздің бізге берген сенімін, аманатын бәріміз бірігіп абыроймен атқарайық», - деді Ерлан Қошанов.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен AMANAT партиясының XXIII съезі өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары