Қостанай облысында бастауыш сынып мұғалімін зорламақ болған оқиғаға қатысты сот ісі басталды.
Қайғылы оқиға жаңа жыл түні Қостанай облысындағы ауылдардың бірінде орын алған. 22 жастағы жігіт бастауыш сынып мұғалімі болып істейтін 50 жастағы әйелдің үйіне басып кірген.
50 жастағы педагогтың айтуынша, ер адам оның үйіне кірген бетте ұрып-соғып, буындырып өлтіріп, зорламақ болған.
Сотталушыға ҚР Қылмыстық кодексінің 149, 107, 120-баптары 1-бөлігі – тұрғын үйге кіру, орташа ауырлықтағы ұрып-соғу және зорлауға оқталу бойынша айып тағылды.
Алайда ер адам өз кінәсін мойындамады.
Дереккөз: orda.kz