$ 494.87  520.65  4.91

«Ресейден ағылып келіп жатқан мигранттардың арасында қазақ қоғамын шайқалтуды көздейтіндер де болуы мүмкін» - журналист

Сорақылығы арамызда оларға азаматтық беру мәселесін қолдаушылар да бар.

Ардагер дәрігер әрі қоғам белсендісі Нұрлыбай Қошаманұлы соңғы кездері Қазақстанда тұруды көздейтін Ресей азаматтарының көбеюіне алаңдаушылық білдірген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қоғам белсендісінің айтынша, орыс мигранттарының ағыны біз үшін үлкен қауіп.

«Украина-Ресей қарулы қақтығысы басталғалы Қазақстанға ағылған Ресей азаматтарының саны айтарлықтай өскен. Ресми деректерге сүйенсек бүгінде Қазақстанға Ресейден келген мигранттар саны шамамен 130 мыңға жуық. Бейресми деректер 500 мыңнан асты дейді. Кеше біреу 1 млн деп соқты. Қалай болғанда да келушілер ағыны күн санап өсуде. Келушілер негізінен Алматы мен Нұр-Сұлтан, Қарағанды қалаларына келіп қоныстанып үй де сатып алып жатыр. Биліктің айтуы бойынша; «Ресеймен Еуразиялық экономикалық одақта болғандықтан Одақ келісіміне сәйкес ресейліктер біздің елімізге келіп еркін жұмыс істей алады» екен. Сорақылығы арамызда оларға азаматтық беру мәселесін қолдаушылар да бар. Егер Қазақстанға келіп, біздің елге үлес қосып жатса, елде белгілі бір дәрежеде еңбек өнімділігі жоғарылап, компаниялардың немесе қаржы секторының тиімді жұмыс істеуіне үлестерін қосуы мүмкін – дейді қолдаушылар. Бұл биліктің жауыр болған қашанғы желеуі. Олардан басқаша жауап болуы мүмкін емес.

Келушілер несімен қауіпті? Бұлардың арасында үлкен қаржылық топтар мен бизнес өкілдері бар. Көп ұзамай-ақ бізге келуші орыс мигранттарының «қолдаушылары» саңырауқұлақтай әр облыстан бас көтере бастайды.

Жасыратыны жоқ соңғы кезде «орыс пропагандасы» өз нәтижесін беріп, Қазақстанда орыс шовинизмінің "әлеуметтік тобын" қалыптастырып үлгерді. Күн өткен сайын орыс шовиндерінің қазақ қоғамын іштен ірітуге бағытталған тілімізге қарсы шығып, жерімізді даулаушылар мен Путиннің Украинаға агрессиясын қолдаушылардың іс-қимылы ашық байқалуда. «Русский мир» қоры бұған дейін Қазақстанда екі орталық ашқан болатын. Оның бірі Ақтөбеде болса, екіншісі – Алматыда. Және оларды «Ресейдің «Орыс орталығы» қаржыландырады. Оларға арбаның дөңгелегі қай жерде қалай бұрыларын бағып отырған жер даулаушы орыс - казактары қосылады. «Қарасы көбейсе, қараң да қауіпті» - екі мемлкет арасында жер мәселесі ауық-ауық көтеріліп тұрғанда, ресей жағынан толассыз келушілерді Заң арқылы бақылауға алып, шектемесе олар әлі де талай даудың басын қылтитады. Бұл қоғам бірлігін екіге жаратын, ішкі алауыздықты ушықтырушы аса қауіпті симптом!»,  - деп жазады ол өзінің facebook парақшасында.

Сонымен қатар, ол келіп жатқандардың ішінде қазақ қоғамын шайқалтуды көздейтіндердің көп болуы мүмкін екенін айтады. 

«Сепаратистік пиғылдар ушығып тұрғанда орыс мигранттарының Қазақстанға ағылуы Ресейдің мемлекеттік отарлық саясатының бір бөлігіне айналмасына кім кепіл? Қазақстанға деген бұл қауіп әлі сейілген жоқ. Ресейдің кейбір заводтары, мәселен Урал мотоцикл шығаратын зауыты өз өнеркәсібін Қазақстанға көшірмек. Тигран Кеосаянның қазақтарға сес көрсеткен видеосы телеграм арнамызда жарияланды. Онда қазақтарға қарата: "Сендер не, Ресей бу болып жоғалып кетеді деп ойлап жүрсіңдер ме? Әлде Марсқа ұшып кетеді дедіңдер ме? Әлде сендер Марсқа көшейін деп жатырсыңдар ма? Украинаға дұрыстап қарап алыңдар. Сендер осылай "хитрожопый" болып жүре беремін десеңдер, оңбай қателесесіңдер. Заман өзгерді. Пойыз кетіп барады. Соңғы вагонға секірмесеңдер шаруаларың бітеді", - деді ол. Осынысы үшін "Бас терісін қаптайды" деген Қазақстан Халқы Ассамблеясы тағы үнсіз.

Егер Тигран Кеосаян секілділердің қоқан-лоққысы, орыс мигранттарының жаппай ағылуы мен ішкі сепараттық күштердің әрекеттері мемлекеттік деңгейде назарға алынбаса, болашақта олар арандатушы топтардың мүддесін қоздыратын үлкен қаржылық күшке айналады. Ал кез - келген қаржылық топтың ықпалды күшке айналуы уақыттың еншісінде.

Келушілерді ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫН шайқалтуды көздеген «ОРЫС ӘЛЕМІ» деуге болады. Бәрімізді толғантқан халықтық әлеуметтік, саяси талаптар көтерілгенде іштегі «орыс әлемінің» кешегі «Қаңтар Қырғыны» кезінде қазақтарды қолдамай, шерулерге қосылмай, қалай бұғып қалғанын да көрдік. Бір анық, ішкі бірлігімізді ірітуші «ОРЫС ШОВИНИЗМІНІҢ» таралуына билік өзі негіз жасап беріп отыр» , - деп өз алаңдаушылығын білдірген.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары