$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» атты ХХХІ сессиясы ашылды

Бүгін Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтіп жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ассамблеяның бұл жолғы жиыны «Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі» күн тәртібімен өтеді. «Қоғамдық келісім» РММ директоры Ғалымжан Құсманғалидің айтуынша, сессия екі күнге жоспарланған болатын.

«Бірінші күні үш секцияда пікірталастар өтеді – «Ұлт келешегі және ҚХА-ны жаңғырту, «Халық бірлігі; білімнің, мәдениеттің және азаматтық қоғам мен бұқаралық медиа институттарының рөлі» және үшінші секцияның тақырыбы: «Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар сессиясы» тақырыптары талқыланады. Екінші күні ҚХА сессиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтеді», - деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары