$ 446.49  475.38  4.79

«Мемлекет басшысының референдум өткізу туралы бастамасын бүкіл халық қолдайды» – Сәкен Майғазиев

Бұл – бұқара мен биліктің байланысын, бірлігі мен берекесін білдірсе керек.

Мемлекет басшысының Республикалық референдум өткізу туралы бастамасын бүкіл халық қолдап жатыр. Бұл туралы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «МузАРТ» ансамблінің мүшесі, әнші Сәкен Майғазиев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.  

«Мемлекет басшысының Республикалық референдум өткізу туралы бастамасын бүкіл халық қолдап жатыр. Бұл – бұқара мен биліктің байланысын, бірлігі мен берекесін білдірсе керек. Бір тудың астында баянды да, бақытты ғұмыр кешейік. Мереке құтты болсын!» – деді әнші.

Айта кетейік, бүгін Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай концерт өтті. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары