Павлодар облысындағы Ақсу кәсіпорнында жұмысшыны күйік шалды. Жазатайым оқиға Ақсу қаласы АҚ-ның бірінің өнеркәсіп цехында болған, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 сәуірде сағат 23:00-де 35 жастағы балқытушы балқыту пешінің іргелес аумағын тазалау кезінде зардап шеккені туралы хабарлама 30 сәуір күні түскен.
Ер адам пештен шихтаны шығару нәтижесінде күйіп қалып ауруханаға түскен.