$ 447.4  477.55  4.76

Алматыда 9 мамырда «Батырларға тағзым» шеруі өтетін болды

Бұл шеру Ресейде бастау алған «Бессмертный полк» шеруінің баламасы.

Алматыда 9 мамырда «Батырларға тағзым» шеруі өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ақан Бижанов айтты.

Бұл шеру Ресейде бастау алған «Бессмертный полк» шеруінің баламасы.

Мұндай шеру Қазақстанның өзге қалаларында онлайн форматта өтпек.

Шеру 9 мамырда сағат 9:30 орталық мәдениет және демалыс саябағында басталмақ. Шерушілер осы жерден 28 Панфиловшылар саябағына дейін шерулетіп жүріп өтеді. Сосын саябақтағы мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылады.

Бижановтың айтуынша, Қазақстаннан екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан адамдар соғыстың шешуі шайқастарына қатысқан. Сол үшін жүздеген мың адам медальмен марапатталған.

Ал Бижановтың орынбасары Мұрат Әбдішүкіров шеруге қатысшушыларға совет өкіметінің қызыл туын, георгий лентасын, өзге елдердің туын және Z, V белгілерін пайдаланбауға шақырған.

arasha.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары