05.05.2022, 19:00

Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты бейнеүндеу жасайды

Бейнеүндеу бүгін сағат 20:00-де республикалық телеарналар арқылы көрсетіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне қатысты бейнеүндеу жасайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелеріне қатысты бейнеүндеуі бүгін сағат 20:00-де республикалық телеарналар арқылы көрсетіледі.