$ 442.05  474.14  4.74

Тоқаев үш ардагерге «Халық қаһарманы» атағын берді

Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын.
Президент Жарлығымен Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлік көрсеткен үш майдангер марапатталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.
 
«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын», - делінген Жарлықта.
 
Олар:
 
Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) – 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені.
 
Несмиянов Александр Александрович (марқұм) – 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі.
 
Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) – 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мерген-бақылаушысы.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары