Каспий теңізіне төгілген қара сұйықтықтың құрамы тексеріледі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталған фактіге қатысты EcoMedia телеграм каналында түсінік берілді.
«Маңғыстау облысы бойынша Экология департаменті осы факті бойынша жедел әрекет ету мақсатында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ге тиесілі ЖЭО-1 аумағына барды. Тексеру барысында атмосфералық ауа сынамалары алынды, олар шектен шығу фактісін көрсетпеді. Сондай-ақ, су жинау каналының су сынамалары алынды, оның нәтижелері қазіргі уақытта анықталып жатыр», - делінген мәлімдемеде.
Департамент рұқсат беру құжаттарының болуын анықтайды.
«Су сынамаларын талдау нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес шаралар қабылданатын болады», - делінген ведомство хабарламасында.