$ 494.87  520.65  4.91

Елімізге Ресейден келіп жатқан мигранттардың саны 200 мыңнан асты

204 947 адам. Мен үшін қорқынышты статистика.

Бұл туралы қазақстандық блогер Дәулеттен әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

“204 947 адам. Мен үшін қорқынышты статистика. Біздің елге Ресейден қоныс аударушылар саны алдағы айларда да көбейе бермек. Ақыры көшіп келеді екен, шаңыраққа қарап, тыныш жүрсін. Қазақ жерінде ҚАЗАҚТЫҢ МҮДДЕСІ, ТІЛІ ЖОҒАРЫ ТҰРУ КЕРЕК. Бұл ешқандай ұлтараздық емес! Бұл - ұлтжандылық, ұлтқа деген құрмет! Қай елге барсақ та, сол елдің тілінде сөйлейміз, мәдениетін, салтын құрметтейміз. Ал қазақ тіліне деген сұранысты алдымен өзіміз арттыруымыз керек, қазақтар! Бәсекеге қабілетті әрі білімді болуымыз керек. Өзгенің алдында ЕҢСЕМІЗДІ БИІК ҰСТАЙЫҚ”, – деп жазды Дәулет Мұқаев.

Айта кетейік, Қазақстан қалаларында Ресей мен Украина азаматтарының саны айтарлықтай өсті. Қазақстандықтар арасында ресейліктердің Қазақстанға жаппай көшуі елдегі жұмыссыздықты күшейтеді деген пікір кең таралған.

Наурыз айының соңында Ресейден Қазақстанға жыл басынан бері 6 300 адам келгені хабарланған болатын.

2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда тұрақты тұруға 3,9 мың шетелдік рұқсат алды. Өткен жылы ҚР-да тұрақты тұруға 15,4 мың шетелдік ие болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары